Киберқауіпсіздік бөліміне кіріспе
Электронная биржа труда
Описание
Киберқауіпсіздік бөліміне кіріспе v2.1
Мақсатты тыңдармандар
Киберқауіпсіздік бөліміне кіріспе v2.1 курсы мансап ретінде IT саласының киберқауіпсіздік мамандығын таңдаған оқушыларға арнайы дайындалған. Бұл шолу курсы оқушыларды киберқауіпсіздікпен таныстырады. Оқу бағдарламасы желіде қауіпсіз болу жолдарына шолу жасайды, зиянды бағдарлама мен шабуылдардың әр түрлерін, ұйымдардың шабуылдардың әсерін жеңілдету үшін қолданатын шараларын үйретеді және олардың мансаптық мүмкіндіктерін зерттейді. Оқу бағдарламасы білім деңгейі мен оқу орындары әр түрлі оқушыларға, соның ішінде жоғары сыныптарда, орташа сыныптарда, университеттерде, колледждерде, кәсіптік-техникалық оқу орындарында және қоғамдық орталықтарда оқитын оқушыларға жарайды.
Оқу бағдарламасына шолу
Киберқауіпсіздік бөліміне кіріспе v2.1 курсы бес тараудан тұрады және төмендегідей құрамдастары бар:
● Оқушылар желіде қауіпсіз болу негіздерін үйренеді.
● Оқушылар зиянды бағдарлама мен шабуылдардың түрлі типтерімен және ұйымдардың осы шабуылдардан қорғану әдістерімен танысады.
● Оқушылар киберқауіпсіздік саласындағы мансап жолдарын қарастырады.
● Киберқауіпсіздік ұғымдарын сипаттауда қолданылған тіл барлық деңгейлердегі үйренушілер оңай түсіне алатындай етіп әзірленген және енгізілген интерактивті жаттығулар үйренгенді тәптіштеуге көмектеседі.
● Жаттығулар, соның ішінде қағаз жүзіндегі зертханалық жұмыстар, бейнематериалдар мен бақылау жұмыстары оқып-үйрену әдістерінің кең ауқымын қамтиды және оқуға ынталандырады және алынған білімді есте сақтауды жақсартады.
Сведения о курсе
Introduction to Cybersecurity_kaz
Introduction to Cybersecurity (қазақ тілі - 2.10)
20 Jan - 31 Dec 2019
Айгерим Мырзалы
Курс IT саласының ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетін тыңдармандар үшін арнайы дайындалған
Записаться на курс
课程已结束